«Бескеней» - өте көне дәуірден келе жатқан,қазақ халқының ұлттық логикалық ойындарының бірі.
Ол еңбек құралдары ағаш,тас,сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған деп болжанады. Кәзіргі кезде «Бескеней», ойыны жаңашыл үлгіде ойналып жатыр. Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі «Бескеней» ойыны баланың жетілуіне, логикалық ой санасының дамуына, ептілігіне қосар үлесі мол. Ол әсіресе баланың биологиялық дамуы үшін де аса пайдалы. Ол бұлшықет еттерін ширатып, дамытып қана қоймай, қырғалыққа, тез шешім қабылдауға санауға, топтауға үйретеді. Сонымен қатар көздің көруін жақсартып, көз жанарын жетілдіреді. Ойын баланы тыныштандырып,сабырлыққа үйрететін қасиетке ие. Бала тәрбиесіне аса көңіл бөлген қазақ халқы әсіресе баланың ойынына мән беріп «Бескеней» ойынына ерте баулый бастаған. «Бескеней» ойынында баланаң саусақтарының қимылдауы арқылы баланың он екі мүшесіне қимыл жүреді.Сөйтіп, бала жылдамдыққа,ептілікке, тез ойлауға машықтанады.
Ойынға қатынасқан: "Зияткер" ересек тобы.