Балабақшамызда «Кішкентай сақшылар» атты спорттық шара өтті. Бұл – баланың мінез-құлқын шыңдауға бағытталған тәрбиелік алаң. Балаларға нағыз қорғаушыға тән ең асыл қасиеттер дарытылды: сабырлылық, өзара сенім, жауапкершілік және бірлесе әрекет ету.
Іс-шараның мақсаты мен міндеттері: балалардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру, заң мен тәртіпке құрмет сезімін қалыптастыру, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту және патриоттық тәрбие беру. Ойын барысында балалардың дене белсенділігін дамытуға ерекше көңіл бөлінді: жылдамдық, ептілік, күш-қуат қасиеттері шыңдалды. Сонымен қатар, қиын жағдайда бір-біріне көмек көрсету, жанашырлық таныту, өз бетінше шешім қабылдау және жауапкершілікті сезіну дағдылары қалыптастырылды.
Барлық балалар белсенділік, тапқырлық және нағыз командалық рух көрсетті. Қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, көптеген жағымды эмоциялар мен жарқын әсер алды.
Дене тәрбиесі нұсқаушысы: Искакова А.А
@oqu_agartu_ministrligi
@bilimastana
@astana_akimdigi_akimat_astana
@qosymsha_ast